Accessibility links

Алдағы сейсенбі яғни қарашаның 7-сі күні американдықтар АҚШ президенті Джордж Буштың Республикандық партиясы Конгреске бақылауды ала ма, жоқ па деген мәселені шешетін болады. Бұл дауыс берулер бірнеше себепке байланысты үлкен назар аудартып отыр. Бұл сайлауларда сыртқы саясат мәселелері назарға алынады, оның ішінде Буштың террормен күреске кірісуіне Конгрестің қалай жол бергені туралы мәселе көтеріледі. Бұл осы сайлаулар Буштың президенттігіне жасалған референдум сияқты болуы мүмкін дегенді білдіреді, өйткені оның қортындысы Джордж Буштың қалған президенттік мерзімінде оның қолында қаншалықты билік қалғанын анықтайтын болады. Және сондай-ақ, ол сайлауларда жақында болған жанжалға қатысы бар, Конгресті өз бақылауында ұстап отырған Респубикандықтарды қиын жағдайға әкеледі.

АҚШ-тың өкілдер палатасының бұрынғы өкілі Каннингам Құрама Штаттардың федералды үкіметімен келісімдер жасап бергені үшін компаниялардан пара ретінде кем дегенде 2,4 млн доллар алғаны үшін сегіз жылдан аса уақыт абақтыға жабылған кезінде:

“Мен өмірімде өте үлкен қуанышқа бөленіп және өте үлкен қайғы көрдім. Енді қазір мен үлкен ұятты жағдайды сезініп тұрмын”, - деген.

Бұл наурыз айында болған оқиға еді, содан бері басқа жанжалдар да орын алды.Оның бірі, Конгрестегі Республикандықтар жетекшісі маусым айында заңсыз әрекеті мен жемқорлық жасағаны үшін орнынан кеткен.

Бірақ, респубикандықтардың ол жанжалды жағдайларын тағы бір республикандық конгресменнің жаңа жанжалы басып кетті. Демек, баларларды жыныстық қанаушылардан құтқару жөніндегі комитетті басқарған республикандық Марк Фолейге жасөспірім балалармен интернет арқылы заңсыз жыныстық байланыс құрды деген айып тағылды.

Оппозициялық демократтар болса, республикандықтарды айыптап, бұл партия балаларды қорғаудың орнына Конгрестегі басымдылықтарын қамтамасыз етумен айналысып кетті деген. Өз кезегінде, Республикандықтар ол айыптауды мойындамайтындықтарын айтты.

Өкілдер палатасындағы Демократ Кристофер Ван Холлен жақында Уашингтонда өткен баспасөз мәслихатында, Марк Фолейдің жағдайы енді Демократтарға Конгрестен, кемінде Өкілдер палатасынан көп орынды жеңуге көмектеседі деді.

Оның айтуынша, Республикандықтардың өз жауапкершіліктерін орындамай отырғаны, сайлаушылардың пікір-ұстанымына әсер етеді.

“Олар сондай-ақ әкімшілік жауапкершілікті ұстанбай отырғанымен қоса, өзінің мүшелерінің дұрыс емес әрекетіне жауапты бола алмаған Конгресті көреді. Және менің пікірімше, бұл жерде конгресмен Фолейдің оқиғасына қатысты айқын дәлел - Конгрестегі республикандық жетекшілік өз қорғауларындағы жастарды қорғаудан өздерінің саяси жағдайын жоғары қойғаны”, - дейді демократ Ван Холлен.

Баспасөз мәслиахатында Ван Холленмен бірге шыққан Республикандықтардың сайлау алды науқанындағы комитет басшысы Томас Рейнолдс, республикандық партияның кандидаттарына қаржылай және басқалай көмек көрсетеді.

Республикандық Томас Рейнолдс, дауыс берушілер Конгреске төмен бағалайды. Бірақ, сайлаушылар өз өкілдеріне дауыстарын тарихи түрде бүкіл Конгрестегі жағдайға қарамастан береді дейді. Және ол, сайлаушылардың Конгрес мүшелеріне даусы жергілікті мәселелерге негізделмей, ұлттық бағытта болады деген.

"Өкілдер палатасы үшін жарыстар жалпыұлттық телеарнада комментаторлар арқылы талқыланып жатса да, біз жергілікті өкілдермен жергілікті экономикалық мәселелерді қызу бәсекелестік тұрғыда талқылап жатырмыз. Қазірден бастап 20 күн сайлаушылар өздерінің жергілікті сайлау учаскелеріне барып, сайлау күні өз таңдауларын жасайды. Және олар Конгрестегі Демократ болмаса Конгрестегі Республикандық үшін емес, Кандидат А немесе Кандидат-Б үшін дауыс береді”, - дейді республикандықтардың сайлау алды науқаны комитетінің басшысы.

Бұл тұрғыда демократтар өкілі Ван Холлен мен республикандық Рейнолдс екеуінің пікір-ұстанымын, Уашингтондағы демократиялық институттың директоры Патрик Башамның пікірімен толықтыратын болсақ, жыныстық жанжал жасаған Марк Фолейдің жағдайы Республикандықтардың тап болып отырған проблемаларының бір бөлігі ғана болғанымен, өте маңызды бөлігі болып отыр. Башамның сөзіне қарағанда, Фолейдің жанжалына дейін адамдар тек саяси астары бар коррупция мәселелеріне мән берсе, енді соңғы жанжалдың жаңғырығы барлық американдықтарға жетті. Және Республикандық партиясының бұрынғы жанжалдарын басып кетті.
XS
SM
MD
LG