Accessibility links

“Хизболла” мен Израиль арасындағы келіссөзге БҰҰ-ы дәнекер болып отыр


ҚАЙЫР: Палестиналық “Хизболла” ұйымының лидері Хассан Насралла 2 Израиль жауынгерінің тағдыры бойынша қызу келіссөз өтіп жатқанын мәлімдеді. “Хизболла” ұйымының осы 2 жауынгерді тұтқынға алуы Израиль мен “Хизболла” арасында өткен шілде айындағы 1 айға созылған соғыстың шығуына себеп болған еді. Насралланың теледидарға берген сұхбатында атап көрсеткеніндей, БҰҰ-ының осы келіссөзді жүргізуші өкілі әлгі 2 еврей жауынгерінің тағдыры бойынша Израильдің және “Хизболланың” ресми өкілдерімен кездесті. Израиль жағы әзірше сыр білдірмей отыр.
XS
SM
MD
LG