Accessibility links

АҚШ сенаторы әскерилерді “ақымақ” етіп көрсеткені үшін кешірім сұрады


ВАШИНГТОН: АҚШ-тың Массачусетс штатынан сайланған демократ сенаторы Джон Керри қазір өтіп жатқан сайлау науқаны барысындағы орынсыз әзілі үшін АҚШ әскерилерінен кешірім сұрады. Жуырда студенттер алдында сөйлеген сөзінде сенатор Керри колледждердің нашар оқитын студенттері әскери қызметін өтеуге Ираққа тап болуы мүмкін деп айтып қалды. Өткен сейсенбі күні президент Дж.Буш сенаторды кешірім сұрауға шақырып, оның әлгі сөзі әскери қызметкерлерді қолынан іс келмейтін ақымақ етіп көрсететінін атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG