Accessibility links

Сирия мен “Хизболла” ұйымы АҚШ-тың өздеріне таққан айыбын мойындамайды


ВАШИНГТОН: Америка Құрама Штаттары Сирия мен Иранды және “Хизболла” ұйымын Ливанның демократиялық жолмен сайланған үкіметін құлату әрекетінен бас тартсын деп ескертті. Ақ үйдің ресми өкілі Тони Сноу Сирия мен Иран және “Хизболла” ұйымының Фуад Синиора бастаған Ливан үкіметін құлату жоспары бар деген тұжырымға келуге соңғы кезде көп себеп бар деп мәлімдеген болатын. Бірақ Тони Сноу оған нақты ешқандай мысал келтірген жоқ. Сирия мен “Хизболла” ұйымы ондай жоспардың барлығын жоққа шығарды.
XS
SM
MD
LG