Accessibility links

Бүгін Қырғызстанда билікке қарсы шерулер өтіп жатыр


Бүгін Бішкектегі парламент үйі алдына Қырғыз оппозициясын қолдаған мыңдаған адам жиналып, президент Бакиевтен конституциялық және басқа да реформалар жүргізуді немесе орнынан кетуді талап етуде. Сондай-ақ, Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиевті қолдаушылар да қауіпсіздік күштерімен қатар алаңға шығып, өз шерулерін өткізуде. Президент Бакиев парламентте сөйлеген сөзінде, алдағы дүйсенбіде конституция жобасын парламенттің қарауына ұсынуға уәде берді. Оппозиция жетекшісі Өмірбек Текебаев алаңға жиналғандар алдында, президент Бакиевті сайлау алдындағы уәдесі бойынша, өз құзырын азайтып, парламентке көбірек билік беріледі деген сөзін орындамады деп айыптады. ---

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG