Accessibility links

Пәкістанда дүйсенбі күнгі діни мектепке жасалған әуе шабуылға наразылықтар жалғастып жатыр


Бүгін таңертең Пәкістанның Бажаур аймағында 5000-дай қарулы адам шеру өткізіп, дүйсенбі күнгі діни мектепке жасалған әуе шабуылға наразылықтарын жалғастырды. Ол шабуылда жауынгерлер деп күдіктелген 80 адам өлтірілген. 3 мыңнан аса адам медресеге жақын жердегі үлкен Хар қаласына жиналған. Тағы 2 мың рулас топтар Енаят Килли деген жерде наразылық акциясын өткізген. Пәкістан әскерилері, ол медреседе террорист деп күдіктелгендер болды деп отыр.
XS
SM
MD
LG