Accessibility links

Қырғызстанда екінші күн билікке қарсы шерулер өтіп жатыр


Бүгін Қырғызстан премьер министрі Феликс Куловтың айтуынша, оппозицияның үкімет үйін басып алуды жоспарлап жатқаны жайлы билікке дерек түскен. Кулов ол туралы парламент мүшелерімен кездесуінде айтты. Бүгін таңертең 2000-дай шеруші Бішкектің басты кеңселері арқылы жүріп өтіп, мемлекеттік теледидар ғимаратына барды. Оппозиция жетекшісі Өмірбек Текебаев Бішкектегі шерулері барысында журналистерге:

“Біз Ұлттық телеарнаның басшылығымен келістік, олар бізге күніне екі рет эфир уақытын беретін болады”, - деген Текебаев.

Бейсенбі күні оппозицияны қолдаушы 15 мыңдай адам Бішкектегі орталық алаңға жиналып, билік басындағылардың орнынан кетуін талап етіп, елде реформалар жүргізуге шақырған.

AzattyqTV

Атыраудағы Наурыз

"Киіз үйге кіргізбеді"

XS
SM
MD
LG