Accessibility links

Израиль Газадағы әскери операциясын одан әрі жалғастырмақшы


Израиль соғысушылардың зымыран атқылауын тоқтату мақсатында Газа аймағындағы әскери операциясын одан әрі жалғастырады. Бұл туралы Израиль Қорғаныс министрінің орынбасары Ефраим Снэ мәлімдеді. Соңғы күндері орын алған қақтығыстан кемінде 40 палестиндік, оның ішінде 20-ға жуық күдіктелген соғысушы, сондай-ақ бір Израиль жауынгері қаза тапты. Палестина басшысы Махмұд Аббас БҰҰ-н бұл мәселеге араласуға шақырды. Соңғы хабарға қарағанда, бүгін Израильдің әскери операциясынан кемінде екі палестиндік құрбан болды.
XS
SM
MD
LG