Accessibility links

Ирақтың бұрынғы басшылығына қарсы сот үкімі шықты


Ирақтың Жоғарғы соты бұрынғы президент Саддам Хусейнді адамзатқа қарсы қылмыс жасады, деп тапты. Сондықтан оны дарға асуға шешім шығарды. Оның екі бас көмекшісі де өлім жазасына кесілді. Бұрынғы вице президент Таха Яссин Рамадан өмір бойы түрмеге жабылды. Қалған үш адамға 15 жылдан абақты жазасы берілді. Біреуі ақталып шықты. Олар 1982-ші жылы Дужайлда шииттер тобын өлтіргені үшін айыпталуда. Президент Жалал Талабани болса, бұл сот үдерісі әділ болды, деді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG