Accessibility links

АҚШ президенті Ирақтың бұрынғы басшысына шығарылған үкімді оң қабылдады


АҚШ президенті Джордж Буш Ирақтың бұрынғы басшысы Саддам Хусейнге шығарылған сот үкімі елде жасалған демократиялық ілгері қадам болып табылады, деді. Ирақтың Жоғарғы соты бұрынғы президент Саддам Хусейнді адамзатқа қарсы қылмыс жасады, деп, оны дарға асуға шешім шығарды. Оның екі бас көмекшісі де өлім жазасына кесілді. Еуропа одағы мен Ватикан бұл шешімді қуаттағанымен дарға асу тәсілін қолдамай отыр. Саддам Хусейнге қарсы өлім жазасының кесілуі сол жүйе құрбандарының жеңісі боп табылады, - деді Ирақ үкімет басшысы Нури әл-Малики.
XS
SM
MD
LG