Accessibility links

Демократтар Конгресс палаталарының бірінде басым дауыс алуға тырысады


ВАШИНГТОН: Америка Құрама Штаттарында “аралық” деп аталатын сайлау өтіп жатыр. Америка халқы өкілдер палатасын түгел қайта сайласа, Сенаттың 1/3-ін және 36 штаттың губернаторларын қайта сайлауға тиіс. Республикалық және Демократиялық партиялардың арасындағы сайлауалды күресі соңғы сәтке дейін жалғасты. АҚШ әскерінің Ирақта қалуы – осы күрестің ең маңызды тақырыбы болды. Конгрестің қос палатасында да Республикалық партияның басым дауысы болып келді. Демократтар ең боламаса 1 палатада басым дауыс алғысы келеді.
XS
SM
MD
LG