Accessibility links

Қырғыз президенті ұлттық парламент – Жогорку Кеңешті таратуы да мүмкін


БІШКЕК: Бүгін Қырғызстан президенті Құрманбек Бәкиев оппозициялық депутаттарды “билікті басып алуға тырысады” деп айыптады. Өткен түнде парламентте оппозиция шақырған Құрылтай жиналысында президенттің билік құзырын шектейтін жаңа конституцияның жобасына қол қою рәсімі болып өтті. Оған 71 депутаттың 39-ы қол қойды. Өзінің мәлімдемесінде Қ.Бәкиев мемлекеттің болашақ құрылымы бойынша өзара уәжге келу үшін оппозиция жетекшілерін дереу келіссөзге отыруға шақырды. Кейнірек қырғыз президенті ортақ шешімге келе алмаған жағдайда, парламентті таратуы да мүмкін екенін ескертті.
XS
SM
MD
LG