Accessibility links

Газпром Грузияны газбен жабдықтауды тоқтатуы мүмкін


Ресейдің Газпром компаниясы басқарушылар кеңесінің мүшесі Александр Медведев, егер газ бағасына сәйкес келісім-шарт жасалмайтын болса, мұндай қадамның мүмкін екендігін мәлімдеген. Жақында белгілі болғанындай, 2007 жылдың басынан бастап, Грузия Ресейден алынатын көгілдір отынның әрбір мың текше метрі үшін 110 доллардың орнына, 230 доллар төлеуі тиіс болады. Грузия газ бағасының бұлайша өсіп кетуінің астарында саясат жатыр дейді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG