Accessibility links

ЕҚЫҰ: Шынайы бәсекелестіктің болмауы Тәжікстандағы сайлаудың абыройын түсірді”


ДУШАНБЕ: Бүгін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Тәжікстандағы кешегі президент сайлауын “шынайы бәсекелестік болмады” және “әлденеше рет қайта дауыс беру” секілді заңсыздықтарға жол берілді деп бағалады. Тәжікстанның Орталық сайлау комиссиясы хабарлағандай, бастапқы қорытынды бойынша қазіргі президент Э.Рахмонов 80 пайызға жуық басым дауыспен келесі 7 жылдық мерзімге қайта сайланды. Оның ең жақын бақталасы 6 пайыздан сәл көп дауыс алған көрінеді. Еуропалық ұйымның мәлімдеуінше, “шынайы бәсекелестіктің болмауы” және нағыз балама үміткердің дауысқа түспеуі – сайлаудың абыройын түсірді”.
XS
SM
MD
LG