Accessibility links

АҚШ Конгрессінің жұмыс тәртібі қандай және Конгресске сайлау қандай ережемен өтеді?

  • Әбдіғани ЖИЕНБАЙ

АҚШ конгрессі Сенат және Өкілдер палатасынан тұрады. Хаус деп қысқаша аталатын өкілдер палатасында 435 депутат мүше. Барлығы 50 штаттан сайланатын конгрессмен құрамы штаттағы тұрғындардың жалпы санына байланысыты. Сондықтан Конгресс құрамын реттеу мақсатында әр 10 жыл сайын АҚШта халық санағы жүргізіліп отырады. Ал, Сенатқа әр штаттан екі өкілден, бәрі болып, 100 сенатор сайланады. Палата жетекшісін оның мүшелері сайлайды.

АҚШ президентінің орынбасары Сенаттың президенті есептеледі. Ол Сенат жұмысына күнделікті қатыспаса да қажетті кезде дауысын береді. Конгрессмен 2 жылға сайланады. Ал сенаторлар 6 жылға бір-ақ сайланады. Жалпы тәжрибе бойынша Сенаттың үштен бір бөлігі 2 жыл сайын сайланып тұрады. Араға екі жыл салып өткен конгресстік сайлау президенттік сайламен қатар өтеді.

Сонымен, бұл жолғы қараша сайлауынан кейін алдағы қаңтарда Конгресстің 110-сессиясы өтпек.

Еуропа елдерінен айырмашылығы, АҚШ Конгрессі Жоғары, Төменгі палата болып бөлінбейді. Сенат пен Хаустың уазипалары түрлі болғанымен, олардың құқығы бірдей.

Бірақ Өкілдер палатасындағы Жол жане байланыс комитеті ең беделді топ есептеледі. Себебі бұл комитет салық жөніндегі барлық заңдарды бақылайды.

Ал Сенат болса президент ұсынатын кабинет мүелерін, федералдық судяларды, елшілерді мақулдайды, сондай-ақ халықаралық келісім шарттарды ратификациялайды. Сенат заң, әдлет және сыртқы саясатты бақылауда ұстағанымен сыртқы саясаттың билік тізгіні негізінен президенттің қолында болады.

Жаңа заңдар Конгресстің қос палатасының мақұлдауынан өтіп, президент қол қойғанда ғана өз күшіне енеді. Ал егер бірер заң бойынша екі палата арасында дау туса онда бұл мәселені кіонференс комиті, келісім комитеті қарайды. Одан кейін президентке ұсынылады.

Конгресстің федералдық үкіметтегі атқарушы кеңсе және сот мүшелерін қызметінен алуға құқы бар. Сондай-ақ, жәйғана көпшілік дауыспен Өкілдер палатасы президентке импийчмент жариялап тақтан құлатуы мүмкін. Оны Сенаттың үштен екі бөлігі қолдаса жетеді.

АҚШ тарихында екі президентке – 1868-жылы Эндру Джонсонға, ал 1999-жылы Билл Клинтонға импичмент жарияланды. Бірақ екеуі де ол қатаң сыннан аман шықты.

Ал президент Ричард Никсон Уатергейт жанжалына байланысты импийчмент қаупі төнгенде 1974-жылы өз қызметінен кетті.

Сейсенбі күнгі конгресстік сайлау үшін Техастағы ранчосы маңайындағы бекетте өз зайыбы Лаура ханыммен дауыс бере тұрып,

– Біз еркін қоғамда өмір сүреміз. Сондықтан қай партияда болсаңыз да, мүше болмасаңыз да, азаматтық міндетті орындай отырып өз қалауыңызбен дауыс беруге шақырамын, - деген АҚШ Джорж Буш сейсенбі күні.
XS
SM
MD
LG