Accessibility links

Бүгін Газа секторында Израил шабуылынан құрбан болғандарды жерлеу рәсімі өтеді


Сәрсенбі күні Израилдың Бейіт ханун қаласындағы шабуылдары кезінде 18 палестиндік опат болған еді, олардың басым көпшілігі әйелдер мен балалар, 13 адам бір отбасының мүшелері болған. Халықаралық қауымдастық бұл үшін Израилды айыптады, Израил бейбіт тұрғындардың қаза тапқанына өкініш білдірді. Премьер-министр Ехуд Олмерт пен сыртқы істер министрі Амир Перес бірлескен мәлімдемелерінде жараланғандарға гуманитарлық және дәрігерлік көмек көрсетілетін болады деген. Палестиннің Ислам жихады тобының бір мүшесі Израилдың Газа секторындағы кешегі әуе шабуылдарында қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG