Accessibility links

Аргентина Иранның бұрынғы президенті мен 8 ресмиін халықаралық сотқа шақырады


Аргентина соты Иранның бұрынғы президенті Акбар Хашеми Рафсанжани және ирандық бұрынғы 8 ресмидің 1994-жылғы бомба шабуылы қылмысына қатысы бар деп, халықаралық тұтқындау ордерін жариялады. Федералдық судья Родолфо Коррал ол бомбалауды адамзатқа қарсы қылмыс деп жариялаған болатын. Осыдан 12 жыл бұрын Буенос-Айрестегі еврейлер орталығындағы бомба жарылысынан 85 адам қаза тапқан еді. Бірақ, Иранның Аргентинадағы елшісі Бахарванд Иран Интерполдан ондай шараға бармауын талап ететін болады деген.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

XS
SM
MD
LG