Accessibility links

Президент Буш демократтармен кеңесе жұмыс жасамақ


АҚШ президенті Д.Буш конгресстік сайлауда жеңіске жеткен демократиялық партия саясаткерлерімен өзара ынтымақтаса жұмыс істейміз деген ниет білдіріп отыр. АҚШ-тағы бұл сайлауда демократиялық партия қос палатада табысқа жетті. Дж.Буштың айтуынша, ол терроршыларды жеңу жолында және Ирақтағы демократиялық даму үшін демократтар ұсынатын кеңестерге қарсы еместігін айтты. Бұл мәселеге орай президент Буш Ақ үйде Калифорниялық конгрессмен, өкілдер палатасының болашақ төрайымы Нанси Пелосимен келіссөздер жүргізді.
XS
SM
MD
LG