Accessibility links

Өткен аптада Қазақстанда 2484 қылмыстық оқиға орын алған болса оның басым көбі ұрлыққа қатысты болып отыр

  • Досан БАЙМОЛДА

Қазақстанда өткен аптада яғни қарашаның 6-сынан 13-і аралығында 2484 қылмыстық оқиға тіркелген. Осы қылмыстық оқиғалардың көбі жағынан Алматы қаласы және Шығыс Қазақстан облысы алдыңғы орында деді дүйсенбі күні Қазақстанның ішкі істер министрінің баспасөз хатшысы әрі осы министрліктің ақпарат орталығының жетекшісі Бағдат Қожахметов ‘Азаттық‘ радиосының тілішісіне берген сұқбатында.

Оның айтуынша, осы қылмыстық оқиғалардың ішінен басым көбі яғни 1183-і ол ұрлық оқиғалары екен. Бұған пәтер тонау,біреудің мал мүлкін, дүниесін ұрлау оқиғалары кіреді. Жыл басынан бергі 10 айдың ішінде 40 мыңнан астам ұрлық оқиғалары тіркелген болса бұның ішінде ең көбі ұялы телефон ұрлау болып тұр дейді Б.Қожахметов.

Өткен аптада қылмыстық оқиғалар саны жағынан Қазақстан бойынша алдыңғы орынға шыққан Алматы қаласының ішкі істер бас басқармасының баспасөз өкілі Арман Жусанбайдың айтуынша өткен аптада қалалық криминалдық полиция қызметкерлері бір жыл бойы ізіне түсіп ұстай алмай жүрген, қалада пәтер тонау ісімен айналысып келді деген күдікті 5 азаматты ұстаған. Олардың барлығы Қызылорда облысының тұрғындары көрінеді. Бұл азаматтар Алматының ең бір тыныш деп саналатын ‘Ақсай‘ ықшамауданындағы бір пәтерді тонау кезінде қолға түсіпті. Оларды ұстап қолға түсірген кезде жандарынан пәтер есігін ашатын түрлі кілт, саймандар сондай ақ алтын бұйымдар табылған. Олар Алматы қаласы бойынша бұдан бұрын тоналған 5 пәтерге қатысты қылмыстық оқиғаға өздерінің қатысы барлықтарын мойындап отыр, ал осылардың лидерін қалалық полиция қызметкерлері бұдан бір жыл бұрын ұстап, тұтқындаған болатын ал қалғандарын ұстай алмай жүрген еді дейді А.Жусанбай.

Алматы қаласы Қазақстандағы ең ірі қаржы, экономика және мәдениет орталығы болғандықтан бұнда дәулетті, ауқатты адамдар көп тұратындығын жақсы білетін Қазақстанның әлеуметтік жағынан нашар дамыған аймақтарынан әдейі ұйымдасқан ұрылар тобы жаз,күз мезгілдерінде қалаға ‘гастролдетіп‘ келуді әдетке айналдырған. Бұндай пәтер тонаушылар Алматыға көбінесе оңтүстіктегі облыстардан сондай ақ солтүстік облыстардан да жиі келіп кеіп тұрады. Олар қалаға келе сала дәулетті адамдардың үйлерін аңдып, пәтерлерін тонау, қалада қоғамдық көліктерге мініп алып, жолаушылардың қалтасы мен сумка, жол дорбаларынан ақша ұрлау ісімен айналысады дейді қалалық полиция өкілі.

‘Әділетті Қазақстан‘ үшін қоғамдық қозғалысының бас хатшысы Әміржан Қосановтың айтуынша қоғамдағы осы ұрлық, пәтер тонау мәселесіне екі түрлі көзқараспен қарау жөн болмақ. Неге осы ұрлыққа барып жүрген азаматтардың дені жастар әрі қазақтар? Біріншіден, қәзіргі билік осындай әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалып амалсыз ұрлық жолына түсетін жастарды тәрбиелеу оларды қамқорлығына алу мәселесіне жеткілікті көңіл бөлмей отыр. Екінішісі осындай пәтер тонаушылар мен көше ұрыларымен жұмыс істейтін полицияның қәзіргі шамасыда белгілі. Полиция қызметкерлерінің алатын айлық жалақылары мардымсыз және олардың көбінде өзінікі деген баспана жоқ. Сондықтан кейде ұрылар мен полиция қылмыстық жағдайға бірлесіп баратынын да білеміз, сондықтан қәзіргі билік осы екі жағдайға ерекше көңіл бөлуі қажет дейді Ә.Қосанов.
XS
SM
MD
LG