Accessibility links

Еуроодақ Кавказ елдеріне қосымша көмек пен экономикалық ынтымақтастықты ұсынады


БРЮССЕЛЬ: Бүгін Брюссельде Еуропа Одағы мен Әзірбайжан, Армения және Грузия елдері арасындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қою рәсімі өтеді. Ауқымды реформалар жүзеге асырылған жағдайда осы 3 елге Еуроодақ өзінің қосымша көмегін және экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуді ұсынады. Еурокомиссияның мүшесі Бенита-Феррерон Вальднер ханым бұл келісімдер Абхазия мен Оңтүстік Осетиядағы және Таулы Қарабақтағы жандалды шешуге ықпал етеді деген үмітін айтты. Бүгін осы кездесудің сыртында Таулы Қарабақ проблемасы бойынша Әзірбайжан мен Армения сыртқы істер министрлерінің келіссөзі өтуге тиіс.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG