Accessibility links

Ирақтағы “жаңа стратегия” туралы баяндама жылдың соңында жарияланады


ВАШИНГТОН: Кеше АҚШ президенті Дж.Буш Ирақтағы соғыстың жаңа стратегиясын жасау үшін құрылған 2 партиялық мәртебелі топтың қорытындысын күтетінін мәлімдеді. Аталған топпен Дж.Буш кеше ғана кездесіп, жаңа стратегия тақырыбын “жақсы талқылағанын” хабарлады. Ирақтағы ахуалды зерттейтін бұл топты бұрынғы мемлекеттік хатшы Джеймс Бэйкер мен Демократиялық партияның бұрынғы конгрессмені Ли Хамильтон басқарады. Аталған топ өзінің баяндамасын жылдың соңында жариялауға тиіс.
XS
SM
MD
LG