Accessibility links

Өзбекстан – дін еркіндігін өрескел бұзған елдердің қатарына қосылды


БРЮССЕЛЬ: Еуропа Одағы 2005-інші жылдың мамырында Әндіжанда болған халық толқуын аяусыз басып жаншуынан кейін Өзбекстанға қару-жарақ сатуға қойған эмбаргосы – шектеуін және өзбек шенеунектеріне виза бермеу шарасын созды. Әндіжандағы халық толқуын күштеп басуы кезінде бірнеше жүз адам оққа ұшты. Ресми Вашингтон Еуропа Одағының осы шешіміне ризалығын білдірді және өз жағынан Өзбекстанды дін еркіндігі өрескел бұзылатын елдердің қатарына қосты. АҚШ-тың мемлекеттік департаменті мәлімдегендей, өзбек үкіметі діни экстремизм мен терроризмге қарсы күресті желеу етіп, мұсылмандардың құқын күрт шектеп отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG