Accessibility links

Николай Екіншіні ақтау ісі қарала бастады


Мәскеу соты кеше Ресейдің соңғы патшасы Николай Екіншіні және оның әулетін ақтау ісін қарай бастады. Николай Екінші мен оның үй-іші осыдан сексен жыл бұрын большевиктер тарапынан өлтірілген. Романовтар әулетінің өкілі Мария Романова былтыр арыз түсіріп, Николай Екінші мен оның әулетін саяси құғын құрбандары ретінде тануды сұраған, алайда прокуратура өтінішті кері қайтарған. Іс енді сотта қарала бастады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG