Accessibility links

Борис Грызлов "Ил-76" өндірісін Ташкенттен қайтарып алмақ


Ресей Мемлекеттік думасының төрағасы Борис Грызлов "Ил-76" ұшақтарының өндірісін Ташкент қаласынан шығарып, Ресейдің Ульяновск қаласына көшіру керек деп мәлімдеді. Борис Грызлов ұшақ өндіру үшін Ресей негізгі құрал-сайманды жеткізіп тұрады, Өзбекстан болса ұшақты жинайды да шетелге сатады, бұл тиімсіз деді. Борис Грызлов өндірісті көшіруге 97 жарым миллион доллар қажет деді. "Ил" ұшақтары Ташкентте орналасқан зауытта шығарылады, бұл зауыт Өзбекстанға Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде көшірілген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG