Accessibility links

АҚШ-тың бұрынғы қорғаныс министрі заң алдында жауап беруі мүмкін


Бір топ американдық және германиялық заңгерлер қызметінен кеткен АҚШ-тың бұрынғы қорғаныс министрі Д.Рамсфелдке қарсы қылмыстық іс қозғамақ. Рамсфелд пен оның маңайындағы әскери ресмилерге азаматтарды азаптауға бұйрық берген деген айып тағылмақ. Адвокаттар бұл іске куәгер ретінде Бағдад маңайындағы Абу Ғрайб түрмесінде болған ирақтық 11 тұтқын және Кубадағы Гуантанамо түрмесінде ұсталған тағы бір тұтқынның бастан кешкен азаптарын алға тартуда. Германия заңына орай, қай жерде жасалғандығына қарамай, соғыс қылмыскері әділ сот алдында жауап береді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG