Accessibility links

БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы әлем елдеріндегі адам дамуы жөніндегі кезекті қортынды баяндамасын жариялады


Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының 2006-шы жылғы адам дамуы туралы баяндамасында Қазақстан әлемдегі 177 елдің арасында 79-шы орынға шыққан. Өткен жылы Қазақстан 80-шы орында болатын. Бұрынғы кеңес одағы елдері арасынан Қазақстан алдына тек Ресей ,Беларусь және Украйна шыққан ал қалған ТМД мемлекеттері бәрі Қазақстанның көш соңында.

Сейсенбі күні, Алматыда БҰҰ-ның Даму бағдарламасының адам дамуы туралы 2006-шы жылғы баяндамасын таныстырған БҰҰ-ның Даму Бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Юрико Шоджи ханым биылғы баяндамаға әлемдегі су тапшылығы мәселесі негізгі арқау болғанын, сусыз өмір, тіршіліктің болуы мүмкін емес екендігін алға тарта отырып осы су мәселесінің әлем елдерінде қалай шешімін тауып жатқаны осы елдің адам дамуының негізгі бір көрсеткіші ретінде таңдап алынғанын айтты.

Әлемде бүгінде бір аяқ ауыз суға жарымай, жылына 2 миллионнан астам жас сәби бала көз жұмады деген статистика бар, сондықтан халықаралық қауымдастық пен әлем елдері бұл аса қиын проблемаға жеткілікті назар аударып оның шешімін табуға күш салатын кез жетті деді ол.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ақмарал Арыстанбекованың айтуынша биылғы БҰҰ-ның Даму бағдарламасының баяндамасында Арал теңізінің мәселесі оның бүгінгі жағдайы жөнінде айтылыпты. Соңғы 15 жылда Арал теңізі мәселесіне БҰҰ секілді халықаралық ұйымдар ерекше назар аударып келді. Мысалы Дүниежүзілік Банкпен бірлескен Арал теңізіне қатысты жоба бойынша қәзір кіші Аралдың үштен бір териториясы сумен толтырылған. Сондай ақ халықты таза ауыз сумен қанымдау, және су ресурстарына қатысты қандай бір мәселеге Қазақстан үкіметі аса маңыз беріп отыр деді ол.

Елші А.Арыстанбекованың айтуынша Қазақстанның жер үсті суының 44 проценті трансшекаралық өзендер тарапынан қамтылатындығын ескерер болсақ Қазақстан көрші мемелекеттер мен арада осы трансшекаралық өзендер мәселесін реттеуге ерекше көңіл бөліп, бұл мәселені тек келіссөздер арқылы шешуді алға тартып отыр.

Ал Қазақстанның су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Әмірқан Кеншімовтың айтуынша трансшекаралық өзендер мәселесінде Қазақстан мен Қырғызстан және Қазақстан мен Өзбекстан арасында біраз қиыншылықтар орын алған жайттар кездескен. Таудағы қырғыз ағайындар өзенді бөгеп, Қазақстанға қарай су жібермей орнына көмір, мазут сұраған кездері де болды. Ал өзбек ағайындар Әмударияның суын жолдан бұрып, суды Қазақстан жағына ескертпей салған Арнасай су қоймасына жіберіп, Қазақстан жағындағы Шардара су бассейніне су келмей қалған кездер де болды. Бұл мәселердің бәрін екіжақты келісөздер арқылы шешіп келдік алдада осылай шешуге тырысып жатырмыз дейді ол. Ал Қазақстан Қытай жағымен трансшекаралық Ертіс және Іле өзендеріне қатысты келіссөздер өткізуде алайда Қытай жағы бұл мәселенің шешілуіне ешбір асығыстық танытпай отыр дейді ол.
XS
SM
MD
LG