Accessibility links

Израиль зымыран атқандар жауапқа тартылсын деп талап қылды


Израиль басшылары Израильге шабуыл жасаған Палестина көтерілісшілері жауапқа тартылу керек деп талап қылды. Кеше Израильдің Сдерот қаласына зымыран атылды, бір әйел қаза тапты. Зымырандардың бірі Израиль қорғаныс министрінің үйінің жанына түсті. Жауапкершілікті Палестина басындағы "Хамас" тобы мен "Ислам жихады" тобына жақын көтірілісшілер алды. Олар Газа секторына Израиль тарапынан өткен аптада жасалған шабуыл үшін кек алдық, 19 Палестина азаматының қазасы үшін кек алдық деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG