Accessibility links

Еуропа Одағы Тәжікстандағы президент сайлауын түрліше бағалауда


Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Тәжікстандағы президент сайлауы туралы бастапқы мәліметтерін Еуропа Одағы жылы қабылдады. Онда 1999 жылы өткен сайлаумен салыстырғанда Тәжікстанда қарашаның 6-да болған бұл жолғы президент сайлауы жақсырақ өтті делінген. Бірақ Еуроодақ басшылығы сайлаудың толығымен халықаралық демократиялық талаптарға сай келмегендіне байланысты өкініш білдірді. Сайлауда қазіргі президент Эмомали Рахмонов 80 пайыз дауыс жинақтап, билігін тағы 7 жылға ұзартқан болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG