Accessibility links

Судан Дарфур өлкесіне бітімгершілік жасақ кіргізуге келісті


БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннан Судан үкіметі Дарфур өлкесіне Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Африка Одағының біріккен бітімгершілік жасағын кіргізуге негізінен келісті деп жариялады. Кофи Аннан әскер саны қаншалықты болатыны әзірше белгіленген жоқ деді. Дарфур өлкесінің халқы соғыс зардабын тартып жатыр. Соңғы үш жылда Дарфур өлкесінде 200 мыңнан астам адам қаза тапты.
XS
SM
MD
LG