Accessibility links

АҚШ әскериі 90 жылға бас бостандығынан айырылды


АҚШ әскери соты 14 жастағы ирақтық қызды зорлап, оны отбасымен түгел өлтірген Джеймс Баркер есімді американдық сарбазды 90 жылға бас бостандығынан айырды. Қылмыскер Баркер өзге айыпты әскерлерге куәлік бергеннің арқасында өлім жазасынан аман қалды. Ирақтың Махмудия қаласында кісі өлтіріп айыпталған тағы да 4 американдық сот алдында жауап бермек. Ал бұл арада Ирақтың оңтүстігіндегі Насирия қаласында контрактпен келген қызметкерлердің 19 көлігіне шабуыл жасалып, кемінде 14 кісіні кепілдік тұтқынға алып кеткен. Оның 4-і - американдық.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG