Accessibility links

Баспасөзге шолу. 11.18.2006 жыл


Сенбілік басылымдарда жұма күні Түркияның Анталия қаласында өткен түркі тілдес мемлекет басшыларының саммитінде Қазақстан Президенті жасаған ұсыныстар жайында мақалалар жарық көрген. Сондай-ақ баспасөз беттерінде үстіміздегі жылы Қазақстандық дихандар 18 миллион тонна астық жинағаны туралы сөз болады.

«Егемен Қазақстан» басылымы, Түркі тілдес мемлекет басшыларының саммитінде Қазақстан Президенті бірқатар ұсыныстар айта келіп, соның ішінде мәдени байланыстарға айрықша назар аударды деп жазады. Нұрсұлтан Назарбаев, «Түркі тілдес халық¬тар¬дың мәдени мұрасы» атты халық¬аралық бағдарлама жасауды ұсынды. Қазақстан басшысының пікірінше, түр¬кі тілдес халықтардың кең ауқымды мәдени күндерін өткізіп, ортақ тарих, әдебиет, өнер антологияла¬рын шығаруды және оларды әлем тілдеріне Аударуды жолға қою қажет. Сондай-ақ, Назарбаев, Қа¬зақстан түркі тілдес мемле¬кеттермен ғарыш саласындағы ғы¬лыми- зерттеулер жүргізуге дайын еке¬нін атап көрсетті, деп жазады «Егемен Қазақстан».

«Айқын» басылымы, осы жиын аясында Нұрсұлтан Назарбаев, түркі тілдес халықтардың мемлекетаралық органдарын құруды ұсынғанын жазады. «Саммитте Қазақстан Президенті түркі тілдес мемлекеттердің парламентаралық ассамблеясын құруды ұсынды. Кездесулер барысында маңызды шешімдер қабылданып, тың ұсыныстар айтылғанымен, өкінішке қарай, олардың көпшілігі жүзеге аспай жатыр. Осы орайда Қазақстан Президенті кедергілердің алдын алатын тетіктің бірі ретінде «Түркі тілдес мемлекеттердің Ақылдастар алқасын» құру бастамасын қайталады», - деп жазады «Айқын» басылымы.

«Экспресс-К» газетінің дерегінше, Қазақстан Президенті, «Түркі тілдес мемлекеттердің Ақылдастар алқасын» басқаруды, Түркияның бұрынғы президенті Сүлейман Демирелге тапсырған дұрыс деп санайды. Өйткені, Президенттің пікірінше, Демирел түркі тілдес мемлекеттердің қауымдастығын құруға себепкер болған тұлға,-деп жазады «Экспресс-К».

Саммит қорытындысы бойынша, Әзірбайжан, Қырғызстан, Қазақстан, Түркия елдерінің басшылары, Анталия Декларациясына қол қойды деп жазады «Казахстанская правда». Бұл құжат бойынша, трансшекаралық қауіп-қатерге, жаппай қырып-жою қаруларына, лаңкестікпен, сеператизммен және экстремизмге қарсы күресте күш біріктіру қажеттілігі атап көрсетілген. Сондай-ақ, құжатта сауда-экономикалық байланыстарды дамытудың, Азия мен Еуропа арасындағы жедел жүк және жолаушы тасымалын қамтамасыз етудің маңыздылығына баса назар аударылған деп жазады, - «Казахстанская правда» газеті.

«Экспресс-К» басылымының дерегінше, биыл Қазақстандық дихандар Тәуелсіздік алған жылдар ішінде тұңғыш рет ең көп астық жинады. Биыл болжам бойынша, 18 миллион тоннадан астам өнім алынды. Енді Қазақстан сыртқы нарыққа 7 миллион тонна астық сатып, астық экпорттаушы 6 ірі елдің қатарына ене алады. Ал ұнды сыртқа сату жөнінен Қазақстан, әлем бойынша жетекші орындағы үш елдің бірі атана алады деп жазады «Экпресс-К».

«Казахстансая правда» газеті, биыл әрбір гектардан 13 центнер өнім алынғанын жазады. Оның ішінде Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облысында 5 миллион тоннадан астам астық алынса, Ақмола облысы да шамамен осы көлемде өнім алған. Ал Қызылорда облысында 365 мың тонна күріш жиналыпты,- деп жазады «Казахстанская правда» басылымы.

Ал, «Айқын» халықаралық нарықтағы астықтың бағасына назар аударады. «Өткен жылмен салыстырғанда, биыл астық бағасы 40 пайызға өсіпті. Яғни бидайдың тоннасы 116 долларға бағаланады. Сарапшылардың пікірінше, бағаның көтерілуіне бірқатар астық экспорттаушы елдердегі қуаңшылық әсер етіп отыр. Мәселен, Ресейдің Түмен, Қорған және Омбы облыстарында бидайдың тоннасы 130-134 долларға дейін жеткен», - деп жазады «Айқын» басылымы.
XS
SM
MD
LG