Accessibility links

Эмомали Рахмонов тағы да 7 жылға президенттік таққа отырды


Бүгін Душанбеде Тәжікстанның 7 жылға қайта сайланған президенті Рахмоновтың ресми ұлықтау салтанаты өтті. Тәжікстанды 1992-жылдан бері басқарып келе жатқан Эмомали Рахмонов қарашаның 6-сындағы сайлауда 80 пайыз дауыс алған болатын. Еуропа қауіпсіздігі және ынтымақтастығы ұйымынан қатысқан бақылаушылардың айтуынша, 1999-жылғы сайлаудан кейін біршама дұрыс өзгерістер болғанымен, бұл 2006-жылғы сайлау халықаралық демократиялық талаптарға жауап бере алмаған.
XS
SM
MD
LG