Accessibility links

Азия басшылары Солтүстік Кореяға сөз салып жатыр


Вьетнам астанасы Ханойда Азия-Тынық мұхиты экономикалық әріптестік форумына қатысып жатқан мемлекет басшылары ауылшаруашылық сауда жайында келісім табуға уәделесті. Осылайша олар кеше Дүниежүізілік Сауда ұйымының шеңберіндегі келіссөздерге дем беруге келісті. Бұл келіссөздер шілде айында тоқтап қалған, ауыл шаруашылық саласына субсидия беру мәселесінде келісім табылмаған болатын. Мемлекет басшылары бүгін Солтүстік Кореяға үндеу айтады деп күтіліп отыр, Солтүстік Корея ядролық бағдарламасын тоқтатсын, халықаралық келіссөздерге қайтсын делінбек.
XS
SM
MD
LG