Accessibility links

Грузия экономикалық даму министрі қызметінде бір апта ғана болды


Грузия экономикалық даму министрі Ираклий Окруашвили кеше қызметінен босатылды, ол өзі арыз берген. Ираклий Окруашвили осы қызметте бір апта ғана істеді, мұның алдында ол қорғаныс министрі болған. Ираклий Окруашвили Ресей қолдайтын сепаратистік Оңтүстік Осетияға тіл тигізіп, соңғы күндері дауға тап болған еді. Ираклий Окруашвили жаңа жылды Оңтүстік Осетия астанасы Цхинвали қаласында тойлайық деген. Грузия ресми өкілдері бұл сөзді жуып шаюға тырысқан болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG