Accessibility links

Бағдад, Әл-Хилла және Баакуба қалаларында тағы 30-ға жуық адам құрбан болды


ӘЛ-ХИЛЛА: Бүгін Бағдадта болған бірнеше дүркін жарылыстан кем дегенде 6 адам қаза болып, 10-даған кісі жараланды. Бағдадтың шийттер тұратын ауданындағы аялдамада бомба орнатылған 3 автокөлік кезек-кезегімен көкке ұшты. Оның алдында бүгін шийттер басым тұратын Әл-Хилла қаласында жанкешті-лаңкес құрылысшылар жиналып тұрған жерде өзін-өзі жарып, 22 адам қаза тапты, 50-ге жуық кісі жараланды. Баакуба қаласында көтерілісшілер шағын автобусқа шабуыл жасап, 8 кісіні өлтіріп кетті. Осы және басқа да қанды оқиғалар Сирияның сыртқы істер министрі Уалид Әл-Муаллимнің Ираққа сапарының қарсаңында болып отыр.
XS
SM
MD
LG