Accessibility links

Иран президенті өзінің ядролық бағдарламасын аузына алмады


ТЕҺРАН: Иран президенті Махмуд Ахмадинеджад Корея түбегін ядролық қарудан таза аймаққа айналдыруға шақырды. Иранның ИРНА агенттігінің хабарлауынша, сенбі күні кешкісін Корея Халық-Демократиялық Республикасының Жоғарғы Халық Жиналысының төрағасы Чой Тхай Бокпен (Choe Thae Bok) кездесуін барысында Ахмадинеджад осындай өтініш білдірді. Солтүстік Корея өзінің ядролық қаруын қазан айында сынаған болатын. Халықаралық қоғамның “ядролық қару жасауды көздемей ме” деген күдігін туғызып отырған Иранның ядролық бағдарламасын Ахмадинеджад аузына алмады.
XS
SM
MD
LG