Accessibility links

Ресейдің халықаралық сауда ұйымына кіруіне Грузия бөгет болуы мүмкін


ТБИЛИСИ: Бүгін Грузия Ресейдің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне қарсы болатынын тағы да қайталады. Грузияның экономикалық дамуы бойынша вице-министрі Вахтанг Лежаваның “Франс-Пресс” агенттігі келтірген сөзіне қарағанда, егер Мәскеу Тбилисимен арадағы сауда келісімдерін орындап, Абхазиямен және Оңтүстік Осетиямен арадағы сауда қатынастарын тыйғанда ғана, Грузия өзінің вето қою, яғни Ресейдің Дүниежүзілік сауда ұйымына қабылдануына тоқтау салу құқын пайдаланбайды.
XS
SM
MD
LG