Accessibility links

Ирақ Денсаулық сақтау министрінің орынбасары ұрланды


Ирақта жексенбі күні орын алған түрлі шабуылдардан кемінде 50 адам қаза тапты. Хиллаһ қаласында болған жанкештілік шабуылдан 20-дан аса құрылысшы құрбан болды. Ирақ мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, бомбаны жарған ол жанкешті Сирия азаматы болған. Ал бұл екі арада Сирия Сыртқы Істер министрі Уалид Муаллемнің Бағдадқа 2-күндік сапары басталды. Ал Ирақ үкіметі мен Америка Құрама Штаттары бұдан бұрын Сирияны шетел соғысушыларына Ираққа кіруге мүмкіндік беріп отыр деп айыптаған болатын. Бағдадтан келіп түскен соңғы хабарға қарағанда, Ирақ Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Аммар әл-Саффар өз үйінен ұрланған.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG