Accessibility links

“Хьюман Райтс Уотч” ұйымы С.Хуссейннің соты әділ өтпеді дейді


Адам хұқтары бойынша халықаралық “Хьюман Райтс Уотч” ұйымы бұрынғы диктатор Саддам Хуссейнге өлім жазасын шығарған Ирақ сотын сынға алды. Аталған ұйымның дүйсенбі күні жариялаған баяндамасында Хуссейнге қатысты сот әділ өтпеді делінген. Баяндамаға сәйкес, Ирақ соты жақтаушы адвокаттарға қажетті болған құжаттарды алдын-ала бермеген, сондай-ақ, протоколдар бейберекеттікпен реттелген. Саддам Хуссейн адамзатқа қарсы жасаған қылмысы үшін дарға асу арқылы өлім жазасына кесілген болатын.
XS
SM
MD
LG