Accessibility links

Қазақстанда тағы 2 ұйым террорлық деп танылды. Астана соты бас прокуратураның өтініші бойынша осындай шешім шығарды. Енді елде тыйым салынған 11 ұйымға тағы 2 қосылды. Соңғы шешім лаңкестік топтардың әрекеті Қазақстанда белсенді бола бастады деген сөз емес, тек алдын алу шаралары, деп хабарлайды прокуратура өкілдері.

Бұған дейін елде Бас прокуратураның ұсынысымен 11 халықаралық ұйымның жұмысына тыйым салынған. Қазақстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметкері Сәулебек Жәмкенұлының айтуынша енді оларға тағы ұйымдар қосылды:

- «Шығыс Түркістанды азат ету ұйымы» 1996 жылы Түркияда құрылған. Мақсаты Қытайдың Шынжан ұйғыр автономиялық республикасы аумағында және Орталық Азияда сонымен қатар Қазақстанның бір бөлігінде тұтас мемлекет құру. Және оны террорлық актілермен қарулы күрес арқылы құрамыз деген жоспарлары бар.

Прокуратура мәліметінше осы уақытқа дейін «Шығыс Түркістанды азат ету ұйымына» Қытай, Қырғызстан, Өзбекстанда жұмыс істеуіне тыйым салынған. Аталған ұйым мүшелері сепаратистік идеяларды уағыздап, заңсыз қару тасымалдап, өздеріне жаңа мүшелерді қосып, оларды халықаралық лаңкесшілер лагерінде үйретіп, адам өлтіруге барады деп күдіктеліп отыр. Ұйым эмиссарлары Қазақстанда адам өлтіріп, ұйғыр кәсіпкерлерінен лаңкестік әрекеттерге ақша талап еткен, деп хабарланады. Қазақстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметкері Сәулебек Жәмкенұлы тыйым салынған келесі ұйым туралы айтып берді:

- "Аум Сенрике" 1984 жылы Жапонияда құрылған. Сол кезде Токиомен Мацумото қаласында улы зат арқылы метрода жарылыс болып, 19 адам қайтыс болып 5 мыңға жуығы жаралы болғаны белгілі.

Прокуратура мәліметінше "Аум Сенрике" антисоциалдық идеяларды уағыздап, адамдардың денсаулығына психикалық және дене жарақаттарын жасауға, адам өлтіруге дейін барады деп күдіктеліп отыр. "Аум Сенрике" ұйымы тарататын діни идеологияны ескере отырып олардың лаңкестік актілерге барып, адам өлтіруіде мүмкін, деп хабарлайды прокуратура. Бірақ, Жапония мәліметі бойынша бұл ұйым қазір атауын өзгертіп жұмыс істеп келеді. Қазір ұйымның құрамында Жапонияда 6 жарым мың адам және шет елде бірнеше жүздеген мүшесі бар. Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша «Аум Сенрике» Қызылордада бөлімін ашпақшы болған. Шығыстанушы Бекқожа Жылқыбекұлының айтуынша бұл ұйымдар Қазақстанға әдейі келеді:

- Белгілі мақсатпен келген ағымдар бар. Олардың мақсаты мемлекеттегі жалпы идеологияның осалдығын пайдаланып, мемлекетте өз үстемдігін құру.

Прокуратура мәліметінше лаңкесші топқа кірген деп күдіктелген Қазақстан азаматтары болған, олар елде сотталады, ал шет елдіктер сыртқа шығарылады. Прокуратура мәліметінше соңғы 4 жылда республикадан лаңкестік әрекетпен айналысты деп күдіктелген 14 адам шет елдерге берілген. Ал, ТМД-ның Террорға қарсы орталық өкілі Бексұлтан Сәрсековтың айтуынша кейбір елдерге күдіктілерді мүлде беруге болмайды:

- Қинау деп шарт қояды оған беруге болмайды. Сосын ату жазасына кессе оғанда беруге болмайды. Бірақ азаматтың террорға қатыстығы дәлелденсе оны екі жақтап келісіп сондағана беруге болады. Неге десеңіз кейде болады бір қағаз келеді осындай азамат террорға қатысқан деп, ол Қазақстандада болған.

Ал, Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша биылғы жылы Қазақстанда лаңкестікке қатысты деген айыппен бірнеше жергілікті тұрғындарда сотталған. Олардың екеуі Ақтөбе тұрғындары. Олар заңсыз қарулы құрылымдар жағында Шешенстандағы әскери әрекеттерге қатысқан, дейді комитет өкілі. Тағы екеуі Тараз тұрғындары. Олар отанына опасыздық жасады деп айыпталған. Тараздықтар Қазақстанда содырлар дайындайтын лагер іздеген деген ақпарат таратылды. Оларға өз облыстарында орын іздеп бейнетаспаға түсіріп біріккен араб әмірліктеріне жіберген деген айып тағылған. Комитет өкілі айтып өткендей тараздықтар «Орталық Азиядағы Жамаат моджахеттері» ұйымының филиалы ретінде құрылған «Тараз жамааты» ұйымының өкілдері болып шыққан. Бұл ұйымғада Қазақстанда тыйым салынған.
XS
SM
MD
LG