Accessibility links

Британия полициясы Кремль сыншысының улану жайттарын тергеу үстінде


Британия полициясы бұрынғы КГБ агенті әрі Кремль сыншысы Александр Литвиненконың улану жайттарын тергеу үстінде. Лондон ауруханасында жатқан Литвиненкоға күшейтілген қарулы күзет бөлінді. Литвиненко қарашаның бірі күні марқұм журналист Анна Политковская туралы мәлімет айтқан бір кісімен Лондондағы бір ресторанда тамақтанған соң ауырып қалғанын айтады. Оның қанынан токсині көп талий уы аңғарылды. Дәрігерлер оның денсаулығын “нашар” бірақ “тұрақты” деп сипаттайды.
XS
SM
MD
LG