Accessibility links

Иран президенті БҰҰ жаза қолданған күннің өзінде де, ол Иранға зиян келтіре қоймайды деп санайды


ТЕҺРАН: Бүгін Иран президенті Махмуд Ахмадинеджад уран отынына деген сұранысын қанағаттандыру үшін Теһран 1 жылдан кейін 60 мың центрофуга жабдығына ие болғысы келеді деп мәлімдеді. Иранның мемлекеттік теледидарына келген кезінде Ахмадинеджад, сондай-ақ, БҰҰ-ының Теһранға жаза қолдана қоятынына күмән келтірді. Тіпті жаза қолданған күннің өзінде де, президенттің пікірінше, елге одан зиян келе қоймайды. БҰҰ-ы Ираннан уран шикізатын байыту жұмыстарын тоқтатуды талап етіп, олай болмаған жағдайда жаза қолданатынын ескерткен болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG