Accessibility links

Ирақтың жарты млн. халқы елдің ішінде баспанасыз босып жүр


СИНГАПУР: Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің мәлімдеуінше, Ирақтың жарты миллионға жуық халқы елдің ішінде көшіп-қонып жүр. Бүгін аталған Комитеттің вице-президенті Жак Форстер Қызыл Крестің Сингапурда өтіп жатқан конференциясында осындай мәлімет келтірді. Өткен айда босқындардың істері бойынша БҰҰ-ының комитеті 2003-інші жылдан бері қарай Ирақтың 754 мың халқы қоныс аударғанын мәлімдеген болатын. Осыншама халықтың басым көпшілігі елден қашқан тәрізді.
XS
SM
MD
LG