Accessibility links

Ирақ премьер-министрі мен Сирияның сыртқы істер министрі келіссөз өткізді


БАҒДАД: Бүгін Ирақтың әр түкпірінде талай адам қаза тапты. Бағдад, Рамади және Баакуба қалаларында болған түрлі шабуыл мен қастандықтан 20 кісі көз жұмды. Бағдад қаласының төңірегі мен Дужейл ауылының маңайынан қорлықпен өлтірілген 25 адамның мәйіті табылды. Ирақ үкіметінің 2 мүшесі өздеріне қарсы жасалған қастандықтан аман қалды. Осы кезде Ирақ премьер-министрі Нұри Әл-Мәлики Бағдадқа сапармен келген Сирияның сыртқы істер министрі Уалид Әл-Муаллиммен Ирақтағы және бүкіл аймақтағы қауіпсіздік мәселелері бойынша келіссөз өткізді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG