Accessibility links

Орхусс конвенциясының орындалуын қадағалау жөніндегі комитет Қазақстанда азаматтардың құқықтарының бұзылғандығын растады


Әрбір азамат қоршаған орта мен экологияға қатысты өзін толғандырған мәселелерді шешуге қатыса алатындығын соған байланысты тиісті экологиялық ақпараттарды алуға құқылы екендігі жазылған әйгілі Орхусс конвенциясын Қазақстан парламенті 2001 жылы қараша айында мақұлдап, 2002 жылдың қаңтар айының 1-нен бастап осы конвенцияны қабылдағаны белгілі.

Сарапшы мамандардың айтуынша Қазақстан үшін осы күнен бастап конвенцияның барлық ереже, талаптары заң күшіне еніп, оны орындау міндетті болып табылады.

Ал Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау министрлігінің экологиялық проблема және талдау департаментінің директоры Болат Бекниязовтың айтуынша Орхусс конвенциясы әр азаматтың қоршаған орта, эколгияға қатысты қандайбір проблемалық мәселені көтеруге, соны шешу жолындағы іс әрекетінің құқылы екендігін сондай ақ экологиялық ақпараттың азаматтарға еркін жетуіне мүмкіндік туғызуды заңдастырып берген халықаралық келісім шарт болмақ. Бұл Қазақстан үшін, Қазақстан азаматтары үшін өте керекті әрі маңызды келісім шарт дейді ол.

Алайда Алматы қаласының тұрғыны, азаматша Любовь Гатинаны толғандырып отырған жайт ол осы маңызды конвенцияның ереже талаптарын орындамай отырған Қазақстан билігінің қәзіргі кейпі болмақ. Оның айтуынша өзі тұратын Алматы қаласындағы Бөкейқан көшесі бойында 2000-шы жылы сол маңайдағы тұрғындардың келісімінсіз салынған цемент зауытынан маңайға тарайтын шаң тозаң тұрғындардың денсаулығына кері әсерін тигізіп отыр.

‘Көп адам шаң тозаң жұтып, зауыттың күндіз-түнгі айқай шуынан шаршап болды. Дұрыс демалу деген жоқ . Осы мәселемен зауыт басшылары және жергілікті әкімшілік басшыларымен сондай ақ заң орындарымен сөйлесіп, мәселені бірлесіп шешуге бағытталған қадамдарымыз босқа кетті. Ақыры Орхусс конвенциясының орындалуын қадағалау жөніндегі Женева қаласында орналасқан комитетке арызданып едік, олар жағдайды тексеріп көріп бізді растады, Қазақстан жағына мәселені азаматтардың құқығын ескеріп шешуді кеңес етті, ал билік оны керек еткен жоқ, міне 1,5 жыл уақыт өтті дейді ол.

Қазақстандағы ‘Зеленое спасение‘ атты экологиялық ұйымның төрағасы Сергей Соляних осы ұйым арқылы экологиялық құқықтары бұзылды деп танылған Қазақстан азаматтарының оншақты арыз-өтініштерін осы комитетке жолдағанын, комитет тарапынан барлық мәселенің расталғанын айтады.

«Қазақстан 2002 жылы өзі мақұлдап, қабылдаған халықаралық Орхусс конвенциясын сонда мойындамай отырғаны ма?» дейді ол.

Ал Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюроның жетекшісі Евгений Жовтистің айтуынша Қазақстан Орхусс конвенциясына осылай жүрдім бардым қарау арқылы өзінің атақ абыройына кір келетіндігін ескермей отырған секілді.
XS
SM
MD
LG