Accessibility links

Қазақстанның сұрауы бойынша экономикалық қылымысқа күдікті АҚШ азаматын Ресей Қазақстанға берді

  • Досан БАЙМОЛДА

Өткен жылы Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдердің бас прокурорлары қатысқан Минск жиыны бойынша Минск конвенциясы деген бір халықаралық келісім шарты қабылданғаны белгілі. Бұл халықаралық келісім шарт бойынша ТМД мемлекеттері бір бірінің іздеген қылмыскерін өз аумағында тауып алса онда бір біріне ешбір бұлтарыссыз беруге келіскен.

Қазақстанның бас прокурорының баспасөз хатшысы Сәулебек Жамкенұлының айтуынша Қазақстанда ірі көлемдегі экономикалық қылмысқа байланысы бар деп күдіктелген АҚШ азаматы Менахем Сайденфелд Қазақстанның құқық қорғау органдарынан бой тасалап, Ресейге барып тығылып жүрген жерінен ұсталып, Қазақстанның бас прокурурорының сұрауы бойынша Қазақстанға әкелініп отыр.

Оның айтуынша АҚШ азаматы М.Сайденфелд Алматы қаласында ‘Арна‘ деген фирманың бас директоры қызметін атқарып тұрған кезінде осы фирманың 5 миллион теңге көлеміндегі дүние мүлкін жымқырып, бой тасалап кетіпті. Сонсоң оны Қазақстан аумағында сондай ақ Қазақстан мен көршілес елдер аумағында іздестіру шаралары жүрілген. Сол іздестіру шараларының нәтижесінде АҚШ азаматы Ресейдің Благовещенск деген қаласында бой тасалап жүрген жерінен ұсталыпты.

‘Ресей Қазақстанның АҚШ азаматын экстрадициялау жөніндегі сұранысын қанағаттандырып оны Қазақстанға берді. Қәзір АҚШ азаматы М.Сайденфелд Алматы қаласындағы ішікі істер басқармасының уақытша абақтысында. Оны Алматы қалалық экономикалық және сыбайласқан жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің тергеушілері тергеп жатыр, тергеу жұмыстары аяқталған соң АҚШ азаматына қатысты іс сотқа барады яғни оның тағдырын сот шешеді‘ дейді Қазақстанның бас прокуратурасының өкілі.

АҚШ азаматы Менехам Сайденфелдіге қатысты Қазақстандағы АҚШ елшілігі қандай пікірде деген оймен Астанадағы АҚШ елшілігіне хабарласқан едік. Алайда елшіліктен жартымды жауап ала алмадық. Біздің сұрағымызға жауап бере алатын елшіліктің баспасөз қызметінің адамдары бізге табылмады ал бұл мәселеге мүлдем бей жай қарауы мүмкін емес елшіліктің консулдық бөлімінің қызметкерлері бізге қандайбір түсініктеме беруден бас тартты.

Саясаткер, ‘Әділетті Қазақстан үшін‘ қоғамдық қозғалысының бас хатшысы Әміржан Қосанов шетел азаматтары үшін Қазақстанда қандай бір бизнес түрімен айналысудың қиын екендігін айтады. Ал сөз болып отырған АҚШ азаматына келер болсақ бұл мәселеде көп нәрсе анық емес, қалай болғанда Қазақстандағы АҚШ елшілігі өз азаматын қорғау үшін ат салысқаны жөн болар еді деген пікір айтады.
XS
SM
MD
LG