Accessibility links

“Раушан төңкерісінің” 3 жылдығын тойлауға Польша президенті келе алмайды


ТБИЛИСИ: Бүгін Грузия “раушан төңкерісінің” 3-жылдығын тойлау үстінде. Грузин оппозициясы 2003-інші жылдың қараша айындағы парламент сайлауының қорытындысын “өрескел бұрмаланды” деп санап, жаппай наразылық ұйымдастырды. Нәтижесінде президент Э.Шеварнадзе биліктен кетуге мәжбүр болып, кезектен тыс президент сайлауы тағайындалды. Сайлауда сол кездегі оппозицияның лидері М.Саакашвили жеңіске жетті. “Раушан төңкерісінің” 3-жылдық салтанатына Эстония мен Украина президенттері Тоомас Хендрик Ильвес пен В.Ющенко шақырылды. Польша лидері Лех Качиньский көмір шахтасындағы апатқа байланысты келмейтін болды.
XS
SM
MD
LG