Accessibility links

Автобомба – Ирақтағы қақтығыстардың басты қаруы болып қалды


БАҒДАД: Ирақ полициясының хабарлауынша, бүгін Бағдадтың кедей шийттер тұратын Садр-сити ауданындағы орталық базарында бомба орнатылған автокөлік жарылып, кем дегенде 25 адам қаза тапты, тағы 75-сі жараланды. Оған қоса осы жерге жақын минаатқыштың 3 зымыраны түсіп жарылды. Автобомба шамамен 15 автокөлікті қиратты. Өткен кезеңде осындай автобомбалардың жарылыстарынан Садр-сити ауданында 100-деген адам қаза болды немесе жараланды. Сондай-ақ бүгін АҚШ жауынгерлері Садр-сити ауданында бір микроавтобусты атқылап, 4 бейбіт тұрғынды, оның ішінде 2 әйелді өлтірді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG