Accessibility links

Иран осы апта соңында Ирақпен жоғары деңгейлі келіссөздер жүргізбек

  • Әбдіғани ЖИЕНБАЙ

Осы апта соңына қарай Иран және Ирақ президенттері Техронда кездесіп, екі ел арасындағы экономикалық және қауіпсіздік мәселесін тақыламақ. Бұл кездесу аяқ асынан ұйымдастырылып жатқан жоқ. Бұл екідіні ұзақ мерзімдік байланыс бағдарламасы бар. Дегенмен, бұл екілік топқа енді 3і болып, Сирияның да шақырылуы әрине әлемді елеңдетіп отыр.

Ирақ президенті Талабани алдағы сенбіде Иранға 3 күндік ресми сапармен бармақ. Талабани Иран президенті Ахмединежатпен кездесіп бір қатар аса маңызды мәселерді талқыламақ. Бұл жөніде Ирақ президентінің өкілі Қарман Ал-Қарадағи Азаттық радиосының тілшісіне былай деген:

– Техронда талданатын тақырып арасында саяси, экономикалық, қауіпсіздік, сауда-саттық және мұнай мәселелері бар. Әрине Ирақтағы саяси үдеріс үшін Иранның қолдауы, демеуі де қажет. Әсіресе Ираққа терроршылықпен күресте, қауіпсіздік мәселесінде жәрдем қажет, дейді Қамран Ал-Қарадағи.

Ал енді, Ирақ пен Иран екілік тобына 3ші болып Сирия президентінің келу жоспары бұл күтпеген ерекше жаңалық деуге келеді. Ол үштік саммит өте қалса онда АҚШ өз одақтастарымен бірігіп соғыс жүргізген Ирақ басшылығымен АҚШтың ата жаулары дегенге келетін Иран мен Сирия президенттері келіп сырласады дегенмен тең болады.

Иран мен Сирияны АҚШ президенті зұлымдық тарайтын елдер тобына әлдеқашан қосып қойғаны белгілі. Сондай-ақ, АҚШ ол екі ел Ираққа қоса Ливандағы тұрақсыздыққа да тікелей себебші деп айыптайды. Оның үстіне Иран мен Сирия басшылары Ираққа ливандық министр Жемалидің қасқана өлімінен кейін келіп отыр.

Пьер Жемалидің өлімінен кейін бірер сағат өтпей жатып АҚШ президенті Буш:

– Біз Ливан бас министрі Синиора үкіметін Ливандағы демократиялық жетістікті қолдап, Ливан халқының бейбітшілікте жасауын қалаймыз. Ливан халқының Сирия, Иран әрекетіне қарсы өз демократиясын қорғау шарасын қолдаймыз, деген болатын.

Міне енді Бейруттағы уақиғалар АҚШ, Иран және Сирияның Ирақтағы тұрақтылықты қалыптастыру жұмысын қиындатып отыр. Оның үстіне конгресстік сайлауда демократтардың жеңісінен кейін Буштың Иранмен өзара мәмілеге келуін американдық таараптың өзі талап етіп отыр. Конгресстегі қос партиялық комитеттің өзі де осыны қалайтындай.

Ал Ирандағы ядролық бағдарламасына байланысыты президент Буш қарашаның 13інде,

– Егер ирандықтар бізбен сөйлесіп, кеңескісі келсе олар алдымен уран байытуын тоқтатуы қажет, деген.

Сондай-ақ, АҚШ пен Сирияның да бір-біріне айтар базынасы баршылық. Бір жарым жыл бұрын өз әскерлерін Ливаннан алып кеткеннен кейін енді Ливанның ішкі ісіне Сирияның араласуын Уашингтон қаламайды.

Ал, Сирия өз кезегінде АҚШқа одақтас ел Израильдан Голланд жоталарындағы басып алған жерді қайтаруын қалайды.

Міне енді осыншама даулы мәселелерден кейін АҚШ, Иран және Сирия қалай ғана оңайшылықпен өзара мәмілеге келе қалсын ?

Иран мен Сирия кездесуі Ирақ мәселесінде АҚШ-пен өзара ынтымақтастық талабына жауап бере алар мекен?

Сонымен, Сирия президентінің Техран сапары алдынан жауаптан көре осындай күрделі сауал көбейіп отыр.
XS
SM
MD
LG