Accessibility links

Садр-ситидегі кешегі шайқастардан кейін, Бағдадта коменданттық сағат енгізіліп, халықаралық әуежай жабылды


Кеше Бағдадтың шиитер басым тұратын ауданында түрлі шайқастар мен шабуылдар, бомба жарылыстарынан 200-ден аса адам қаза тауып, 260 адам жараланған. Шииттер де өз кезегінде сунниттер тұратын аймақты атқылап, Абу-Ханифа мешітін зақымдаған. Ирақ премьер-министрі Нури Камил әл-Малики діни жікшілдік қақтығыстарын айыптап, ирақтықтарды төзімділікке шақырды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG